Атырауда әйелді қаққан жүргізуші 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

20190225132914 Жаңалықтар

Atr.kz/26 ақпан, 2019 жыл. Атырауда әйел адамды қағып кеткен жүргізушіге 2,5 жыл мерзімге колонияға жіберу жазасы тағайындалды.

20190225132914

«2019 жылдың 9 қазаны күні сотталушы «Toyota Ipsum» маркалы автомобиліне жүргізуші куәлігінсіз мінген. Ол Азаттық даңғылымен Балықшы шағынауданына бара жатқан жолда әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіліп, сонда ес жимай көз жұмды. Тергеу кезінде сотталушы айыбын толық мойындады. Сотта жәбірленушінің әкесі, сотталушы келтірілген материалдық және моральдық залалдың құнын өтеп бергенін айтып, сондықтан оны қылмыстық жазадан босатуды сұрады», – делінген хабарламада. Сотта іс келісім өндірісінде қаралды. Сотталушы айыпты деп танылды. Оған 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз