Атырау көшелері жаңадан жарықтандырылды

20190303222157 Жаңалықтар


Atr.kz/4 наурыз, 2019. Атырауда 9 көшеге жаңадан шамы бар бағандар орнатылды.

20190303222157

Жоба жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асты. Атырау қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің мәліметінше, жаңа бағандар 20 шақырым болатын 9 көшеге орнатылған.

Көше жарықтарын орнату жұмыстарымен «ТимаксЭлектро» ЖШС мердігер мекемесі айналысты. Электр желілерінің ескі бағандарын ауыстыру және жаңаларын орнату екі ай ішінде – 2018 жылдың қарашасынан бастап желтоқсанына дейін жүргізілді.

Атап айтқанда, жаңа жарықтар М.Әуезов, Говоров, Элеватор, Перетаска өзенінен Құрсай ауылы арқылы Дамба тасжолына дейін орнатылды. Жаңа электр желісі бағандары Атырау ықшам ауданында, С.Датов, Смағұлов, Сатыбалдиев, Перевозник, Ш.Уәлиханов, М.Қазірет, А.Байтұрсынов, Ә.Жангелдин, Балғымбаев және Құрманғазы көшелерінде орнатылды.

Сондай-ақ, Қ.Сәтбаев даңғылындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде, бұл жұмыстар 2018 жылы басталған және биылғы жылы жалғасатын болады. «Қазіргі уақытта Азаттық даңғылы бойынша көшелерді жарықтандыруды қайта құру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қазіргі уақытта ол тәуелсіз мемлекеттік сараптамадан өтті, ағымдағы жылдың екінші жартысында құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарлануда», – деп хабарлады бөлімінен.

Бұдан бөлек, МЖӘ аясында 2019 жылы көшелерді жарықтандыру бойынша Атырау және қала маңындағы 189 көшеде шамдар мен бағандар жаңартылады. Қазіргі уақытта жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Дереккөз: “ҚазАқпарат”

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз