Атырауда 82 жастағы ақсақал коронавирустан сауығып шықты

pensiya3 2 1024x825 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/26 сәуір, 2020 жыл. «Қазіргі таңда коронавирустан айыққан ақсақал облыстық кардиологиялық диспансеріне орналастырылды» деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб.​​

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, 82 жастағы емделуші облыстық кардиологиялық диспансеріне жатқызылды.​

«Екі жақты пневмония, яғни, өкпенің қабынуын тудырған коронавирус инфекциясы науқастың жүрек қан тамырларындағы ишемиялық ауруын қоздырып жіберді. Қазіргі таңда науқас кардиостимулятор аппаратына қосылулы» деді Гүлнафис Таңбаева.​​

Бүгінгі таңда науқас тиісті ем қабылдап жатыр. Аритмологтар мен кардиологтардың бақылауында.​

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз