Атырауда 6156 адам КВИ жұқтырып үлгерді

200615183053649a3661997i COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz / 9 шілде, 2020 жыл. Атырау облысы аумағында 27 наурыз бен 7 шілде аралығында симптомсыздарды қоса есептегенде COVID-19 расталған 6 156 жағдай тіркелген, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Нақтырақ айтқанда, ең көп коронавирус жұқтырғандар Жылыой ауданында. Мұнда қауіпті індетке шалдыққан 2 822 адам бар. Оның ішінде 2 063 жағдай Теңіз қалашығынан анықталды.  Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен өткен онлайн брифингте белгілі болды. 

– Коронавирус жұқтырғандардың көбі 20 мен 60 жас аралығындағы азаматтар.  Олардың ішінде 3 373 жағдай скрининг кезінде анықталды. Ал,  1 902 науқас дертке шалдыққандармен  қарым-қатынаста болғандар. Қалғандарынан КВИ өз бетімен медициналық көмекке жүгіну кезінде   белгілі болып отыр. Қазіргі уақытта аудандық және ауылдық жерлерде той-томалақ пен жаназаға жиналғандар да вирустың таралуына әсерін тигізді, – дейді облыс әкімі. 

Айта кетейік, бүгінгі күні облыста коронавирус жұқтырған барлығы 6 156 науқас тіркелген. Ал, 1 476 адам аталмыш дерттен жазылып шықты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз