Атырауда 50-ге тарта бизнес субъектілері көрме-жәрмеңкеге қатысты

1513436578 article b Жаңалықтар

Аtr.kz/2 мамыр, 2019 жыл. Атырау қаласындағы «Сарайшық» коммуналдық базарында жергілікті өнім өндірушілердің көрме-жәрмеңкесі өтті.

Оған жалпы саны 50-ге тарта жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз жасаушы және құрылыс материалдарын өндіруші бизнес субъектілері қатыстырылды.

Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде сөз  алған Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық  даму басқармасының басшысы Айқын Елеусізовтің айтуынша, бұған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың мақсатты жүзеге асырылуының нәтижесінде, биылғы жылдың бірінші тоқсанында өңірдің  өңдеу өнеркәсібінде 117,8 млрд.теңгенің өнімі  өндіріліп, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңіндегіден 6,7 % – ға артқан. Тұтастай алғанда, облыста 450 өңдеу өнеркәсібі бар. Оның төртеуі ірі және алтауы орта кәсіпкерлік нысаны болып табылады.

Бүгінгі таңда Атырау облысында қарапайым заттар экономикасын өркендету жөніндегі жобалық кеңсенің қолдауымен жалпы құны 6 692 млн.теңгенң құрайтын 18 жоба жүзеге асырылу үстінде.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз