Атырауда 350-ге жуық адам бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты

IMG 20190813 WA0023 Жаңалықтар

Atr.kz/13 тамыз, 2019 жыл. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Жастар күніне орай ұйымдастырылды,деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз – қызметі.

Бүгін, 13 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында жыл басынан бері төртінші бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға 350-ге жуық   жұмыссыз журген тұрғын қатысты. 228 бос жұмыс орнын 12 компания мен жеке ұйымдар ұсынған болатын.

– Жыл басынан бері төрт жәрмеңке өткіздік. Алғашқы үш қалалық жұмыспен қамту орталығы 1000-нан астам жұмыс орнын ұсынып, 186 азамат тұрақты жұмыс тапты,- дейді Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Айдана Ғалиахметова.

67884820 871870749862076 8956311580274851840 n
67959158 871870776528740 8222753731876225024 n 1

Айта кетейік, жәрмеңкеге келгендердің ішінде  бұрын сотталғандар 15 азамат, өз мерзімін өтеген және пробациялық бақылауда тұрған азаматтар да болды.

– Жәрмеңкеге қатысушы барлық тұрғындар  белгілі бір тәртіппен түйіндемелерін тапсырды. Одан кейін олар әңгімелесуге шақырылып,қорытындысы бойынша жұмысқа орналасады,-дейді Айдана Ғалиахметова.

68909707 871870893195395 5623341238305423360 n
68788779 871870856528732 4781784169506144256 n

Айта кетейік, бүгінде Атырау қаласының жұмыспен қамту орталығында 2800 жұмыссыз азамат есепте тұр.

Олардың барлығы электронды еңбек биржасында тіркелген, онда жұмыс берушілер оларға тұрақты түрде өз бос жұмыс орындарын ұсынады. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз азаматтар қайта оқыту курстарынан өтіп, қосымша мамандық ала алады.

IMG 20190813 WA0022
IMG 20190813 WA0024 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз