Атырауда 236 түлек ҰБТ-ға келмей қалған

whatsapp image 2020 07 03 at 15.46.35 1 Білім

Atr.kz / 7 шілде, 2020 жыл. Өңірде 21 маусым мен 1 шілде аралығында 3102 талапкер ҰБТ тапсырған. Оның 816-сы – мектептер мен колледждердің өткен жылғы және биылғы колледж түлектері, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының АМУ-дегі филиалының жетекшісі Айнагүл Дүйсекенова мәлімдеді.  

– 236 талапкер ҰБТ тапсыруға келмеді.  Ұялы телефон мен шпаргалка алып келгені үшін 19 адам тестілеуге кіргізілген жоқ.  Ал, 4 адам шпаргалка мен ұялы телефонды қолданғаны үшін аудиториядан шығарылды, – деді Айнагүл Дүйсекенова. 

Сондай-ақ, мамандар  тест тапсыру барысында ЖРВИ белгілері мен дене қызуы көтерілген талапкерлер тіркелмегенін айтты. ҰБТ әдеттегі форматта 14 кезең бойынша өтті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз