Атырауда 3 336 жанұяға 2 миллиард теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

135 Жаңалықтар

Atr.kz/7 ақпан, 2020 жыл. Атаулы әлеуметтік көмек жүйесі ашық, әрі әділетті  болып, адамдарды бейқамдыққа емес, еңбек етуге ынталандыру қажет.

Президент Жолдауында алға қойылған осынау міндет Атырау қаласында жүйелі іске асты.

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев 2019 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

 
– Тұрғындардың мақсатты топтарына кіретін тұлғаларды әлеуметтік қолдау аясында 3 336 жанұяға 1 млрд. 765 млн. теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Аз қамтылған 609 отбасына 21,1 млн. теңге тұрғын үй жәрдемақысы, үйден оқытатын 220 мүмкіндігі шектеулі балаға 8,6 млн. теңге көлемінде материалдық көмек тағайындалды,-деді Қайрат Оразбаев.


Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/zha%D2%A3a-zhylda-%D3%99leumettik-t%D3%A9lemder-%D2%9Balaj-%D3%A9zgeredi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз