Атырауда 24 жастағы ауыл тұрғыны мектептен ноутбук ұрлап келген

200826182644989e Жаңалықтар

Atr.kz/27 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысының Құрманғазы ауданында мектеп мүлкін ұрлаған азамат ұсталды.

Облыстық полиция департаментінң мәліметінше, Құрманғазы аудандық полиция бөліміне мектеп директорынан ұрлық дерегі жөнінде арыз түскен.

«Директордың арызында мамыр-тамыз айлары аралығында мектептен 2 дана «ACER» ноутбугі мен 1 дана проектор құрылғысы ұрланғаны айтылған. Полиция қызметкерлері осы дерекке қатысты тексеру іс-шарасын жүргізіп, мектептің техникалық құралдарын жымқырған күдіктіні анықтады. Күдікті 1996 жылы туған азамат болып шықты», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Күдіктіге «ешқайда кетпеу» шарасы санкцияланып, айғақ заттар тәркіленіп алынды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір күнде интернет алаяқтыққа қатысты 8 қылмыс ашылған болатын.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз