Атырауда 22 медициналық жедел жәрдем көлігі табысталды (ФОТО)

8ee99c3c 8c34 42b2 b669 1d28ab896339 Жаңалықтар

atr.kz/2 қазан, 2020 жылАтырау қаласының мерейтойы қарсаңында облыстағы медициналық жедел-жәрдем станциясына 22 жедел жәрдем көлігі табысталды. 

1d689ea2 643b 4743 ab69 74af49a7bebb

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне медициналық көліктің  кілтін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов  салтанатты  жағдайда табыстап, пандемия кезінде қажыр қайратпен қызмет етіп жатқан дәрігерлерге ризашылығын білдірді.

5b27b671 6e21 4ee9 ae97 8ea966a57dd4

«Бүгін қала күні мерекесі қарсаңында тағы бір қуанышты жаңалықпен бөліскелі отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өңірдің денсаулық саласы 22 медициналық жедел-жәрдем көлігімен толығып отыр. Короновируспен күрес кезінде дәрігерлеріміздің көрсеткен қажыр-қайраты мен еселі еңбегін  өте жоғары бағалаймыз. Пандемияның бірінші кезеңінен өте үлкен сабақ алдық. Кемшіліктерімізді толықтырып бүгінгі күні «екінші толқынға» дайындығымызды да пысықтап алдық. Облыста дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтарымыз жеткілікті. Дәрігерлеріміз мол тәжірибе жинақтады. Үкіметтің қолдауымен денсаулық сақтау саласына көмек көрсету жалғасады. Ағымдағы жылдың қараша айында тағы 18 медициналық жедел-жәрдем көлігі жеткізіледі. Әлемдік COVID-19 пандемиясы ұлттың саулығын маңызды ете түсті. Сондықтан, біздің мақсатымыз денсаулық саласын дамыту.

Құрметті медицина қызметкерлері, темір тұлпарларыңыз құтты болсын. Игіліктеріңе жарасын», – деді Махамбет Досмұхамбетов медициналық жедел-жәрдем көлігінің кілтін табыстау салтанатында.

17d8253a e595 4930 b537 50987102e2ec

Келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен  қосымша 60 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарланып отыр. Жаңа автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралмен толық қамтамасыз етілген.

eac96715 acb7 4b93 abb5 c72a19ccca71

 Айта кетейік,  медициналық жедел-жәрдем көліктері Денсаулық сақтау министрлігінің инвестициялық саясат департаменті, санитарлық көлік жаңартылуы бойынша «Жол картасын» орындау максатында берілуде. «БРК Лизинг» АҚ-ның қаржылық лизинг шарттары бойынша отандық тауар өндіруші «ХюндайТранс Авто»  ЖШС-нан  «С» санаты бойынша 13, «В»  санатымен 9  Хюндай Н350 автокөлігі алынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз