Атырауда 114 мониторингтік топ жұмыс істеуде

0 30 Жаңалықтар

Карантиндік шектеулерге қарамастан, Атырауда той,​ садақа өткізу тыйылмай тұр.

«22 қазан күні жасырын той жасаудың Атырау қаласында екі жағдайы, Индер ауданында екі дерегі тіркеліп отыр. Жалпы, 20-22 қазан аралығында жүргізілген рейд барысында облыс бойынша 2273 нысан тексерілді.

Ал, 11 шілдеден күні бүгінге дейін облыста 70 отбасылық шара жасырын өткен» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облысында індет кезінде санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын

мониторингтік топ таратқан ақпаратқа сәйкес, той-садақа өткізуден алғашқы үштікті Атырау қаласы, Жылыой және Қызылқоға ауданы бастап тұр.

Рейд кезінде шектеулерге қарамастан,​ кафе, мейрамхана сынды қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс істеуі бойынша 75 дерек тіркеліп​ отыр. Оның ішінде 67 жағдай Атырау қаласында, 5 дерек Жылыой ауданында анықталған.

Азық-түлік дүкендерінің бекітілген уақыттан тыс жұмыс жасауы да тыйылар емес. Аталған жағдай бойынша 102 факт тіркеліп отыр.

Еске сала кетелік, Атырау облысында індет кезінде санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын 114 мониторингтік топ жұмыс істеуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз