Атырауда 11 желтоқсанға дейін электр энергиясын уақытша ажыратулар орын алады

img 20191203 153040 173 Жаңалықтар

Atr.kz/6 желтоқсан, 2019 жыл.  «Атырау Жарық» АҚ Атырау облысының тұрғындары мен заңды тұлғаларының назарына  2019 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында электр энергиясын қоректендіретін орталықтарда ажырату шарасы орын алуы мүмкін екендігін жеткізеді. 


Маңғыстау облысындағы МАЭК нысанының №2 энергетика блогы  2019 жылғы 5-11 желтоқсан аралығында жөндеуге шығарылуына байланысты электр энергиясы ажыратылады.
Маңғыстау облысындағы МАЭК нысанының энергетика блогын жөндеуге шығару шарасы салдарынан Атырау облысына жеткізілетін электр энергиясының қуатының жеткіліксіз мөлшерде жетуіне және азаюына әкеп соқтырады.
Қуат тапшылығы туындаған жағдайда «Атырау Жарық» АҚ электр энергиясымен қоректендіретін орталықтардан  2, 3 сағат аралықпен кезектесе ажыратуға мәжбүр болады. 
«Атырау Жарық» АҚ электрмен жабдықтау қызметінде орын алатын үзілістер үшін кешірім сұрайды және мұндай үзілістерді қысқа мерзімде жоюды міндетіне алады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз