Атырауда 11 компания Канада капиталымен жұмыс жасайды

60348250 683943845373618 8347299013137006592 o Жаңалықтар

Аtr.kz/14 мамыр, 2019 жыл. Атырау облысында канадалық капиталдың қатысуымен 11 компания тіркелген.

13 мамыр, дүйсенбі күні Нұрлан Ноғаев Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николас Бруссты қабылдады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақ басшысы атап өткендей, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күнінен бастап екі ел сауда-экономикалық ынтымақтастықтың түрлі салаларында достық қарым-қатынас орнатты.

60157955 683943835373619 379574190119845888 o
60049516 683943725373630 6166399329868185600 o

– Біздің облысымызда инвестициялауға болатын бағыттар мен салалар жеткілікті. Атырау – еліміздің ең инвестициялық тартымды аймақтарының бірі. Бүгінгі таңда, Атырау облысында канадалық капиталдың қатысуымен 11 кәсіпорын тіркелген, бұл санды өзара тиімді арттыруға болады. Инвестицияларды тарту үшін барлық қолайлы жағдайлар жасау біздің басты міндетіміз болып табылады, – деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Өз кезегінде Канаданың елшісі өз елінің климаттық жағдайлары Атырау облысымен ұқсастығын айтты, сонымен бірге канадалық кәсіпкерлердің Атырау облысын инвестициялауға үлкен қызығушылығы барын да атап өтті.

Айта кетейік, инвестициялық ахуалды жақсарту және шетел инвесторларының қызметіне қолайлы жағдай жасау үшін «Атырау Innovatinos» ЖШС және «Kazakh Invest» АҚ-ның аймақтық офисі жұмыс істейді. Осы компаниялардың негізгі мақсаттарының бірі – жобаның кез-келген сатысында отандық және шетелдік инвесторларға сапалы және жедел көмек көрсету, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен рәсімдеріне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-аналитикалық және сервистік қолдау көрсету.

60536827 683943755373627 2902338379498651648 o
7dbf8a64 8060 4f40 bb00 7e05a9a66228
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз