АТЫРАУДА 10 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

whatsapp image 2020 10 15 at 11.21.31 COVID-19: Соңғы поштадан...

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққандардың сегізі – Атырау қаласынан, 1 адам – Жылыой ауданынан, ал 1 науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы. Айталық, бес науқаста дерт симптомды, қалған бесеуінде симптомсыз өтуде.

Айта кетейік, өткен тәулікте облыс бойынша 57 адам қауіпті инфекциядан жазылып шықты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз