Атырау тұрғынынан 126 кило бекіре тәркіленді (+ВИДЕО)

20170427152535 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/6 наурыз, 2020 жыл. Атырауда полиция қызметкерлері қала маңындағы Жұмыскер кентінің тұрғынынан 4 қапқа салынған бекіре тұқымдас балықты тәркіледі.

https://youtu.be/-cRSF69N2ws

Облыстық полиция департаменті қызметкерлері тәркіленген 4 қаптағы балықты куәгерлердің көзінше өлшеді. Тәркіленген бағалы бекіре тұқымдас балықтың салмағы – 126 килоі.

«Тәртіп сақшылары балықты қала маңында орналасқан Жұмыскер кентінің 1988 жылғы тұрғынынан тауып, тәркіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігімен (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу) жүргізілуде», деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Бекіре» акциясын өткізу кезінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға қатысты 700-дей факті анықталып, заңсыз ауланған 6 тоннадан астам балық өнімдері, құқық бұзушылардан 10 қайық тәркіленіп, айыптұраққа жеткізілген. Полиция қызметкерлері тәркіленген бекіре балығын «Жайық-Атырау» бекіре балығын өсіру зауытына өткізді.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз