Атырау полицейлері жоғалған баланы іздеп тауып, анасына тапсырды

Жаңалықтар Қоғам

Бұл туралы Atr.kz-ге Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Қызылқоға ауданы Миялы селосының тұрғыны  15 жастағы ұлының үйінен шығып кетіп, оралмағанына төрт күн болғаны  туралы  арызданған болатын.

Аудандық полиция бөлімінің, округтердегі полиция бөлімшелерінің  барлық жеке құрамы  жұмылдырылып, кәмелетке толмаған баланы жан-жақты  іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Топ-топ болып бөлінген сақшылар ауданның ауыл-селоларын, далалық жолдарды түгел қамтиды.


Арада ұзамай, полиция бөлімінің  учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны А.Сарсенғалиев, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор полиция майоры Б.Байжан, Патрульдік полиция аға инспекторы полиция капитаны  Ж.Аманжолов, анықтаушы  полиция лейтенанты О.Еламан, жедел уәкіл полиция капитаны  Ш.Наурызғалиев  баланы Миялыдан 4-5 км жердегі далалықта, ауылға апаратын жол бойынан тауып,  анасына  тапсырды.


Ювеналды полиция тобының инспекторлары, арнайы психолог мамандар  баламен сөйлесіп,  дәрігерлер баланың денсаулығын, дене жарақаттарының бар – жоғын тексерді. Полицейлер жасөспірімнің ата-анасымен де түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Баланың айтуынша, үйінен шығарда жылы киімін, асылмалы сөмкесіне азық үшін тамағын да алып шыққан. Күндіз далалықта “серуендеп”,  түнде таныс достарының үйлеріне қонып жүріпті.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған