Атырау облысының әкімі қоймадағы дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қорын қарап шықты

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/1 тамыз, 2020 жыл. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тұрақтандыру қорының қоймасын қарап шықты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімдігі дәрі-дәрмектер мен медициналық заттардың қорын құрған болатын. Осы мақсатта «Атырау» ӘКК Атырау облысындағы ең ірі дистрибьютор компаниямен арнайы меморандум жасап, жыл соңына дейін 4 миллион 800 мың орама дәрілік зат пен медициналық бұйым сатып алуға 500 миллион теңге бөлді. Бұл сомаға қосымша 900 мың дана медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмектердің азаймайтын қоры құрылады. Сатып алынған медициналық дәрі-дәрмектердің жалпы көлемінен 73,3 млн. теңгеге 105 мың 235 дана дәрі-дәрмек қала және аудандардағы дәріхана желілеріне таратылды.

Облыс әкімі бұдан былай дәрі-дәрмектер мен басқа да медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу тұрақты негізде жүзеге асырылатындығын атап өтті.

– Біздің басты міндетіміз – азаматтардың денсаулығын сақтау. Қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешу, дәрі-дәрмектердің мол қорын құру – деді Махамбет Досмұхамбетов.

Атап өтерлігі, Атырау облысының дәріханаларына соңғы үш аптада 100 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді. Жуырда 40 тонна аса қажетті препараттар тағы келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған