Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қаладағы карантиндік талаптардың сақталуын өзі жекелей қарап шықты (+ФОТО)

whatsapp image 2020 04 18 at 18.42.26 Жаңалықтар

Аtr.kz/18 сәуір, 2020 жыл. Облыстық бас санитардың қаулысына сай, Атырауда карантиннің мезгілі 1 мамырға дейін ұзартылып, қала ішінде жеке автокөлікпен жүруге тыйым салынған болатын.

Қазір қала аумағында полицияның жеке құрамдары жұмыс істеп жатыр. Атырау облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Әлібек Қайыровтың айтуынша, рұқсатсыз жүретін көліктірдің саны азайған. Кеше бар-жоғы 12 құқық бұзушылық тіркелсе, бүгін шектеулерді бұзғаны үшін 10 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылған. Қазір тек арнайы рұқсат етілген көліктер ғана жүріп жатыр.  

Қала әкімі Қайрат Оразбаев, қарттар мен мүгедектерге, жалғызбасты  азаматтарға тамақ, дәрі-дәрмек жеткізіп беру мен қосымша қызмет көрсету жасалып жатқанын айтты. Мәселен, Қалада карантин басталғаннан бері демеушілермен бірлесіп, «BizBirgemiz» акциясы аясында 179 жалғызбасты зейнеткер мен мүгедектерге ыстық тамақ жеткізілген.

Сондай-ақ, I-II ші топтағы мүгедектігі бар «ерекше» балалар, жетім балалар, жалғыз басты зейнеткерлер және 109 сенім телефонына хабарласқан азаматтар азық-түлікпен және гигиеналық өнімдермен қамтамасыз етіліпті.

whatsapp image 2020 04 18 at 18.42.26 2
whatsapp image 2020 04 18 at 18.42.28 2
whatsapp image 2020 04 18 at 18.42.23 1
whatsapp image 2020 04 18 at 18.42.29
whatsapp image 2020 04 18 at 18.42.27
whatsapp image 2020 04 18 at 18.42.24 1

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов өз сөзінде:

«Облыс халқының жартысынан астамы қаламызда тұрады әрі коронавирус инфекциясының басым көбі осында тіркелді. Сондықтан қаладағы тәртіптік ахуал қатаң сақталуы керек. Карантинді ұзарту біз үшін де оңай болмады. Ең басты мақсатымыз — халқымыздың қауіпсіздігі болғандықтан осындай шешім қабылдадық. Бізге тәртіп пен төзім керек. Сонда ғана қауіпті инфекцияны дер кезінде ауыздықтаймыз» деді.

«Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі»

whatsapp image 2020 04 18 at 18.42.24 2
whatsapp image 2020 04 18 at 18.42.28
whatsapp image 2020 04 18 at 18.42.25
whatsapp image 2020 04 18 at 18.42.24
whatsapp image 2020 04 18 at 18.42.23
whatsapp image 2020 04 18 at 18.42.28 1
whatsapp image 2020 04 18 at 18.42.27 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз