Атырау облысында 6 мыңнан аса отбасы атаулы әлеуметтік төлем алды

WhatsApp Image 2019 08 29 at 08.39.00 Жаңалықтар

Atr.kz/29 тамыз, 2019 жыл. 1 тамыздағы жағдай бойынша, Атырау облысында 6490 отбасы 1 млрд 900 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алды.

– Атаулы әлеуметтік көмек бойынша барлығы 36 863 адам төлем алды. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар ғана емес, табысы күнкөріс деңгейінен ең төмен, сонымен қатар, аз қамтылған отбасылар да бар, – дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.

Айта кетейік, 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы әрбір балаға атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 21 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырған болатын.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз