Атырау облысы Тәуелсіздік күнін атап өтті

Жаңалықтар

Atr.kz/14 желтоқсан, 2019 жыл.  Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында атыраулықтар жоғары атақтарға, ордендер мен медальдарға ие болды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Махамбет атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев атыраулықтарды мерекемен құттықтап, бұл күннің елдің тәуелсіздік тарихында айрықша маңызға ие екенін айтты.
-Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманына қол жеткізді. Біздің буын жаңа Қазақстанның дүниеге келу, қалыптасу кезеңінде өмір сүріп, дамуына белсенді үлес қосу бақытына ие болды. Бізге халқымыздың бостандық пен туған жерді гүлдендіру туралы армандарын іске асыру мәртебесі мен жауапкершілігі жүктелді,- деді Нұрлан Ноғаев.
Аймақ басшысы Елбасы -Қазақстанның Тұңғыш Президентінің сарабдал саясаты арқасында барлық қазақстандықтардың қолдауымен қиындықтарды бірге жеңіп, жоғары нәтижелерге жеткенімізді атап өтті.
– Біз қазір сол қиын да жауапты күндердің өтеуіндей табысқа жетіп отырмыз. Біз қазір өмірдің барлық сынақтарын жеңуге күш-қайратымыз жететінін сеніммен айта аламыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық қоғамды дамыту, орталық, жергілікті атқарушы органдардың мәселелерін шешуге халықты тарту туралы алға қойған міндеттерін, тапсырмаларын табысты орындайтынымызға сенемін. Азаматтардың бірде-бір ұсыныс-пікірі ескерусіз қалмайды. Баршаңызға елдің игілігі үшін атқарып жүрген жұмыстарыңызға ризашылығымды білдіремін. Саяси тұрақтылық, қоғамдық келісім мен бірлік дамуымызға негіз боларына сенемін,- деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
Салтанатты шара барысында Қазақстанның өркендеуіне үлес қосқан түрлі сала өкілдері мемлекеттік марапат алды. Облыс әкімі «Парасат» орденімен, «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, алғыс хаттармен ондаған атыраулықты марапаттады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан аймақ басшысы Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан бизнес өкілдерін, құрылысшыларды марапаттады.
Облыс әкімі Арыста көп жұмыс атқарылғанын, қала тұрғындарының барлық қазақстандықтарға ризашылығын атап өтті. Ортақ іске Атырау облысы да белсенді қатысты, бұл халқымыздың қиын сәттерде бірлік пен ынтымақта бола алатынын көрсетті.  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған