Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары онлайн курсын өткізеді

whatsapp image 2019 09 11 at 15.16.54 Жаңалықтар

Atr.kz/12 қыркүйек, 2019 жылШыңғыс Мұқанның «Жетістікке жеткізер жол» атты екі айлық онлайн  курсы 15 қазан күні  басталады. 

Бұл онлайн курсы өзін-өзі жетілдіріп, өмірде жетістікке жеткісі келіп жүрген, отбасында немесе достарымен  қарым-қатынасы дұрыс болмай жүрген қыз-жігіттерге, сондай-ақ, қоғамда өзіндік із қалдырғысы келіп жүрген оқушылар мен студенттерге арналады.

Гарвард университетінде білім алып қайтқан Шыңғыс Мұқан онлайн курсында қалай жетістікке жету керектігі туралы  құпиямен бөлісетін болады.  Сондай-ақ, онлайн курсында мақсат қою және сол мақсатқа жету, мотивация, шешім қабылдау, уақытты басқару, командалық жұмыс, бес жылға өмір жоспарын құру сыңды  тағы да басқа тақырыптарды кеңінен талқылайтын болады.Екі айлық онлайн курс 16 сабақтан тұрады. 1-ші қазанға дейін онлайн курсқа жазылған адамдар арасында, Шыңғыс Мұқан жалпы құны 1 миллион теңге тұратын «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкінің» 5 сыйлық сертификатын сыйға бермек.Онлайн курсқа жазылу үшін толық ақпаратты 8701 813 67 62 байланыс телефоны арқылы біле аласыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз