Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет

image43913826 0a511645a1281874ad1eed4667a00228 Жаңалықтар

Atr.kz/27 қазан, 2020 жыл. ҚР Президенті Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет екенін айтты.

«Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ, Президент Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет екенін атап өтті.

«Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет» деп жазды ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз