«Atyrau Marathon – 2018» қайырымдылық бағытында ұйымдастырылады

IMG 20180411 WA0011 Жаңалықтар

Атырауда марафон 13 мамырда өтеді, – деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

IMG-20180411-WA0013

Биыл марафон 42  шақырымды құрайды. Екінші қашықтық – 10 км, ол тұрақты жүгірумен айналысатын адамдар үшін арнайы дайындалған. Үшінші қашықтық – жаңадан бастағандар үшін 4,5 км (тегін). Қазір марафонға қатысуға ниет білдіргендердің саны 25-тен астам.

– Жарысқа қатысу ақылы. Марафон қашықтығы үшін 3 000 теңге, 10 шақырымға – 1000 теңге, ал үшінші қашықтыққа қатысу тегін. Ал студенттер мен зейнеткерлер де тегін қатыса алады, – дейді «Atyrau Marathon – 2018» ұйымдастыру комитетінің өкілі Юрий Пономарев.

Юрий Пономаревтің айтуынша, тіркелуге жиналған қаржы толықтай қайырымдылыққа жұмсалады. Медальдар мен жүгірушілердің саны әр қатысушыға беріледі. Қазіргі таңда марафон символы бар 3 мың медаль дайын.

IMG-20180411-WA0011

Марафонның барлық қатысушылары үшін апта сайынғы жаттығулар сейсенбі күні сағат 19.00 Сұлтан Бейбарыс ескерткішінің алдында, жексенбіде – сағат 9.00-де «Мұнайшы» стадионында өткізіледі.

Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі марафоншы, спорт шебері Марат Жыланбаев ауқымды шараның арнайы қонағы болады.

Марафонға қатысу үшін мына сайттан тіркеле аласыз.

Хорлан СМАДИЯР

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз