Атырау-Доссор тасжолында ірі жол апаты орын алды (+ВИДЕО)

193148 Жаңалықтар
https://youtu.be/wNu8wcjML-o

Аtr.kz/18 сәуір, 2019 жыл. Оқиға бүгін сағ 11.00 шамасында болған.

Жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тез тарап жатыр. Видеодан жол апаты салдары өртке ұласқанын анық көруге болады.

Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиеваның айтуынша, «Toyota Sienna», «Газель» және «Daewoo» көліктері соқтығысқан. Оқиға болған жерде бір адам қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. ҚР ҚК 345-бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз