Атырау аудандарында инженерлік инфрақұрылым қарқынды дамуда

whatsapp image 2019 12 11 at 08.04.21 1 Жаңалықтар

Atr.kz/11 желтоқсан, 2019 жыл. Атырау облысының Исатай ауданында инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды істер атқарылып жатыр, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев мәлімдеді. Аудан басшысының айтуынша, қазіргі таңда ауданға қарасты бірқатар ауылдарда көше жарығы, электр желісі, су желісі, газ, су тарту жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Исатай ауданындағы ауылішілік жолдар да қайта жаңғыртылуда. Аудан әкімінің мәліметіне сәйкес, биыл Жаңа Жанбай ауылының 4,2 шақырым кірме және ауылішілік жолдары пайдалануға берілген. 

whatsapp image 2019 12 11 at 08.04.21

Қазіргі таңда, Нарын ауылының кірме және ауылішілік жолдары құрылысы жүріп жатыр. Жанбай ауылының мәдениет үйіне кірме жол және автотұрақ құрылысы аяқталды. Ал, Аққыстауда «Қазақ елі» саябағы тұрғындардың игілігіне берілді.

«Жастар» саябағын жөндеу жұмыстары аяқталды. Аудан орталығында өрт сөндіру депосы құрылысы жүргізілуде. Құрылысы жүріп жатқан кәріз жүйесін 2020 жылы пайдалану көзделіп отыр, – деді, Марат Мурзиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз