«АТЫРАУ» «АҚЖАЙЫҚТЫ» ОЙСЫРАТА ҰТТЫ

  Футболдан Қазақстан чемпионатының 16 турында «Атырау» оралдық «Ақжайық» командасын 4:0 есебімен ойсырата ұтты.

   Ойын басталған 17 минутта Павел Коробкин қарсыластар командасының қақпасына алғашқы допты енгізді. Ал, 33 минутта Владимир Аржанов, 63 минутта Вячеслав Шарпар есепті 3:0-ге жеткізді. «Атыраулықтардың» таза жеңісін жалғастырған Александр Куртеан 73 минутта төртінші голдың авторы атанды. Айта кетелік, бұл «Атырау» командасының болгарлық маман Стойчо Младеновтың жетекшілігімен ойнаған екінші ойыны және екінші жеңісі еді.

Рита Өтеуғали.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз