«АТЫРАУ-АҚПАРАТТА» – ЖАҢА БАСШЫ

Кеше «Атырау-Ақпарат» ЖШС-не жаңа басшы болып  журналист Ерболат Қаменов тағайындалды. Ұжымның жалпы жиналысында  оның өмірбаян, еңбек жолымен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева таныстырды.

Құрманғазы ауданында туған Ерболат Қаменов журналистік жоғары білімді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен алған. Студенттік шағынан жергілікті баспасөзбен тығыз байланыста болған ол республикалық «Алтын Орда» газетінде еңбек жолын бастады.

Көкейкесті тақырыптарда түрлі жанрларда қаламын ұштаған Ерболат Тілекқабылұлы кейін аталмыш басылымда жауапты хатшы, ал, 2008-2012 жылдары республикалық «Астана ақшамы» газетінде корректор, тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерінде болды. 2012 жылдың ақпанынан 2015 жылдың ақпаны аралығында «Астана ақшамы» газетінің директор-бас редакторы лауазымын атқарды.

Е.Қаменов осы қызметке тағайындалғанға дейін «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің жетекші сарапшысы болды.

Басқарма басшысы Ә.Қыстаубаева да, сөз алған әріптестері де «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры қызметін үш жылдай атқарған Төлеген Берішбайға өз  ризашылықтарын білдірді. Ал, жаңа басшыға жемісті қызмет пен шығармашылық табыстар тіледі.

Б.ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз