Атыраулық журналистің жаңа кітабы жарық көрді

50607255 2043205039103354 3436157158889095168 o Жаңалықтар

Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, ақын, жазушы Таңатар Дәрелұлы ағамыздың «Атырау-Ақпарат» баспаханасынан «Іңкәр дүние» жаңа жыр жинағы жарық көрді.

50607255_2043205039103354_3436157158889095168_o

Кітаптың «Белгі қалған белестер», «Ауырады жүрегім», «Арнау өлеңдер» атты алдыңғы үш бөлімінде ағамыздың соңғы жылдары жазған 160-тың үстінде өлеңдері, әндері, «Достардың көңілі көл еді» атты төртінші бөлімінде ақындар мен жазушылар, журналистер Қадыр Жүсіп, Рахымжан Отарбаев, Қойшығұл Жылқышиев, Нұрым Ерғалиев, Қуат Мыңтұрғанов, Сансызбай Базарбаев, Меллат Сабырқызы, Еркеназ Қалижан және басқалардың Т.Дәрелұлы туралы жазған өлеңдері мен мақалалары, жылы лебіздері топтастырылған. Осы бөлімнің соңғы жағында ақынның жұбайы, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің, Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасының иегері, ауданымызға танымал ұстаз Зоя Есқалиеваның «Қымбатсың, өсіп өнген алтын ұя!» атты естелік-эссесі орын алған. Кейінгі бөлімде фотосуреттер мен деректі мәліметтер сыр шертеді.

Қанат ҒҰМАРОВ.

Құрманғазы ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз