Атыраулық журналистер Астраханнан олжалы оралды (ФОТО)

IMG 1226 Жаңалықтар

28-30 қыркүйекте Ресейдің Астрахань қаласында Каспий маңы елдерінің медиафорумы өтті. Басқосуға Әзірбайжан, Иран, Ресей мен Қазақстанның БАҚ өкілдері, белгілі саясаткерлер мен қаржы-экономика саласының мамандары қатысты. Қазақстандық делегацияны негізінен атыраулық ақпарат құралдары мен өңірлік коммуникация қызметінің мамандары құрады.

IMG_1226

Масс-медиа өкілдерінің басқосуы осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Басқосудың мақсаты – Каспий жағалауындағы елдердің медиакеңістігін дамытып, экономикалық, мәдени, білім-ғылым мен туристік қарым-қатынастарды нығайту, өзара тәжірибе алмасу.

IMG_0506

Ресми бөлігі екі күнге созылған жиынның аясында жас журналистер үшін арнайы дәрістер ұйымдастырылып, сонымен қатар, «Каспий без границ» атты халықаралық байқау өткізілді. Аталған байқауда атыраулық журналистер де топ жарды. «Қазақстан-Атырау» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы Бөбек Ақмөрова телевидение бойынша жүлделі екінші орынды иеленсе, «Атырау-Ақпарат» ЖШС құрамындағы ATPress.kz ақпарат порталының журналисі Рахым Қойлыбаевқа мерзімді баспасөз бен интернет ресурстар аталымында үшінші орын бұйырды. Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкин Каспий медиафорумында ерекше белсенділік танытқаны үшін қазақстандық делегацияға алғыс айтып, алдағы уақытта да Қазақ-Ресей медиакеңістігінде өзара тиімді алмасулар бола беретініне сенім білдірді.

IMG_0674

IMG_0553

IMG_1082

IMG_0937

IMG_1089

IMG_1122

ii2G2ajQk-U

IMG_0949

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз