Атыраулық жастар қарттар үйінде болды

карт 1 Жаңалықтар

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жастар қанаты облыстық «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінің» тәрбиеленушілерімен бірлесіп, облыстық «Қарттар үйінде» кездесу өткізді.

карт (1)

«Мақсатымызүлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету, отбасылық құндылықтарды сақтап, қазақстандық патриотизмнің дамуына үлес қосу» дейді шараны ұйымдастырушылар.

карт (2)

Ақ жаулықты аналарымыздың, ақылы теңіз қарияларымыздың бірі зейнеткерлік күндерін балдай тәтті немерелерінің жанында өткізсе, енді бірінің маңдайына мұндай бақыт жазылмаған. Сондықтан, тағдыр тауқыметіне ұшыраған қарттардың көңілін көтеру мақсатында  жасөспірімдер  ән айтып, мың бұрала би биледі.

карт (3)

«Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деген қарияларымыз ұйымдастырушылар мен балалар үйінің жасөспірімдеріне ақ көңілден туған ақ баталарын жаудырды.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз