Атырауда қайықтар шеруі өтті

38167208 2231491930404519 7835594148475305984 n Жаңалықтар

Атыраулықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафонын жалғастырды.

38167208_2231491930404519_7835594148475305984_n

Ескек есуші спортшылар мен тұрғындар Жайық бойымен жүріп өтті. «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты ұранмен шыққан топ жалаулатып қала тұрғындарын тазалыққа, әділдікке шақырды. Шеруге шамамен 30 бірлік су көлігі – 20 қайық, 2 яхта, 6 гидроцикл және 1 кеме қатысты.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауидің айтуынша, бұл акцияның мақсаты – қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ халықтың, оның ішінде жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыста барлық топтарының өкілдерін тарт.

Шара соңы Ретро саябақта жергілікті өнерпаздар мен қала спортшыларының қойылымдарымен аяқталды.

Айта кетейік, бұл марафон 9 желтоқсанда қорытындыланады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз