Атыраулықтар Мәуліт мерекесін салтанатты жағдайда атап өтті (ФОТО)

3 Жаңалықтар

Атырау халқы Мәуліт мерекесін салтанатты жағдайда атап өтті. «Мәңгілік өнеге: Әз Мұхаммед Мұстафа» атауымен өткен рухани кешті Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі, орталық «Иманғали» мешіті ұйымдастырды.

3

Махамбет атындағы қазақ драма театрында өткен кешке Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев арнайы қатысып, діни мерекенің қоғам өміріндегі роліне тоқталды. «Тарихи деректерді сараласақ, сонау қасіретті жиырмасыншы жылға дейін елімізде 11 мың мешіт болған екен. Отарлау кезеңінде біз бұл көрсеткіштерден ажырап қалдық. Тәуелсіздік жылдарында асыл дініміз ортамызға қайта оралып, елімізде үш мыңға жуық мешіт тұрғызылды. Атыраудың өзінде 29 мешіт бар»,-деп атап өтті басқарма басшысы.

8

Мүфтият өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров Мәуліт мерекесінің мәніне тоқталды. «Рамазан айының қасиетті болуы – бұл айда Алла Тағала Құран түсірді. Ал, Мәуліт айында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) дүниеге келді. Пайғамбарымызбен (с.ғ.с) бірге, әлемге нұр келді. Пұтқа табынушылық, қараңғылық дәуірі өтіп, мұсылмандар ислам дінін қабылдады. Алланы таныды, негізгі құндылықтарды ұғынды»,-деп атап өтті бас имам Батыржан қажы Берденұлы.

5

Күндізгі және кешкі мезгілде өткен рухани шарада «Өнер қырандары» театры көрерменге ой саларлықтай тағылымды қойылымдарды ұсынды.

6

Кеш барысында Мәуліт жыры оқылып, илләһи әндер орындалды.

7

4

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз