Атыраулықтар мәслихат депутаттарын сайлады

vyiboryi zal golosovaniya arxiv 1 Жаңалықтар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашев БАҚ өкілдерін биылғы 29 қазанда өткен жергілікті мәслихат  депутаттарын сайлау қорытындыларымен таныстырды.

vyiboryi-zal-golosovaniya-(arxiv)-1

Округтік сайлау комиссияларында облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына 18 кандидат (бір мандатқа үшеуден) тіркелді. Сайлау барлығы 30 учаскеде өткізіліп, тізімге енгізілген 40429 сайлаушының 29788-сі немесе 73,68 пайызы қатысты.

Дауыс берудің барысын үміткерлердің сенімді өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден бөлінген 51 байқаушы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылады. Он сегіз үміткердің арасынан халықтың қалауымен таңдалып, сайланған алты  депутаттың (облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың әрқайсысына екеуден) орта жасы 45-ті құрады. Олар негізінен дәрігер, мұғалім, экономист және инженер мамандығын меңгергендер.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз