Атыраулықтар – Италия төрінде

Атыраулықтар – Италия төрінде Жаңалықтар

Италия елінде өткен «Танысу» ІІ халықаралық фестивалінде атыраулық өрендер топ жарды. Айта кетсек, бұл конкурсты Қазақстан Республикасының Италиядағы елшілігі мен Сан-Марино қаласы әкімшілігі бірігіп, екі ел арасындағы мәдени, іскерлік байланысты нығайту мақсатында екінші жыл қатарынан ұйымдастырып келеді.

%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%80%d0%b0%d1%83%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80-%d0%b8%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d1%8f-%d1%82%d3%a9%d1%80%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5

Бұл байқауға тек екі елдің өнерпаздары ғана емес, сонымен қатар, жақын шетелдерден де балалар қатысты. Биылғы жылғы байқаудың ерекшелігі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Хореография, вокал, әуен, көркемдеу өнері, сән үлгісі шығармашылық аталымдары бойынша өткен байқауда атыраулық жастар да өнер көрсетіп, түрлі марапаттарды иеленді. Атап айтсақ, Алиса Байманәлиева фортепианода ойнап, лауреат атанды. «Титано» театры сахнасының төрінде домбыраның үнімен көрерменді тәнті қылған Дильназ Нәжіметденова жүлделі  І орынды иемденді. Сондай-ақ, әсем дауысымен көпшілік жүрегіне жол тапқан Жұлдыз Нысанбаева мен Наргиз Бисенбай  да жеңіске қол жеткізді.

– Мұндай сапарлар жас өнерпаздар үшін керек-ақ. Конкурс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жастардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсті. Арнайы бағдарламаға сай Венеция, Рим, Флоренция, Сан Марино қалаларына саяхат ұйымдастырылды. Италия мемлекеті бай мәдениетімен ерекшеленеді. Шетелдік әріптестерден үлкен тәжірибе жинақтап қайттық, – дейді балалар музыка мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Майра Жолмұханова.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз