Атыраулық тұрғын күйеуінің улы су ішіп жан тапсырғанын дәлелдей алмай жылап жүр

Жаңалықтар

Атырау облысының тұрғыны күйеуінің улы су ішіп жан тапсырғанын дәлелдей алмай жылап жүр деп хабарлайды КТК арнасы.

pogudxb9qtrle3038.393d3e1b

Әзиза Қадыралина жұбайының ауыз судан уланып өлгеніне сенімді. Тіпті, дәлелі де қолында. Сөзіне сенсек, кен орнындағы жұмысшылар ыдыстағы таза ауыз су бітіп қалған жағдайда, техникалық суды пайдалана беретін көрінеді. Осындай суықтықтан ауыз тиген Қуанышбек Қадыралин кейін өзін жайсыз сезініп, ақыры үйіне жеткен бетте жан тапсырған.

«Жоғары жақтағылар, әсіресе Жылой аудандық ішкі істер бөлімі мен прокурорлардың әрекеттеріне назар аударса екен. 4 рет іс қозғалып, 4 рет еш себепсіз жауып тастап отыр. Бұлардың аузын жапқан ғой. Қолымда дәлел бәрі бар. Бірақ іс жабыла береді!«, – дейді марқұмның жесірі Әзиза Қадыралина.

Аяқасты асыраушысынан айырылып, кішкентай қызымен далада қалған Әзиза қазаға әкелген жайтқа жол бергендер жазаланса дейді. Кінәларын сезсе керек, компания басшылығы әуелгі кездері пәтер алу үшін 7 миллион теңге көлемінде қаржылай көмектесуге уәде еткен. Бірақ қылмыстық іс қысқартыла салысымен, ол уәделерін ұмытыпты.

pogudx5dhc09klqrq.89821e26

«Қуанышбек қайтыс болған кезде оның отбасына 700 мың теңге көмек көрсетілді. Бәлкім, болашақта тағы да қарастырылатын болар. Оны шешетін жоғары басшылық бар. Сондықтан, дәл қазір мен анау-мынау деп ештеңе айта алмаймын», – дейді «Мұнай сервис LTD » ЖШС директорының орынбасары Серік Жайлин.

Аудандық ішкі істер бөліміндегілер де өздеріне шаң жуытпады. Олар қылмыстық іс заңға сәйкес қысқартылғанын айтады. Ал осы уақытқа дейін оны қараған тергеушілер қазір басқа қызметтерге ауысып кеткен. Енді жәбірленушінің арызынан соң ғана іс қайтадан қозғалғалы жатыр екен.

«Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталып жатыр. Жәбірленушінің көрсеткен уәждері тергеу барысында жүргізіліп, прокурорлық қадағалау арқылы түпкілікті шешім қабылданады», – дейді Жылой аудандық ІІБ аға тергеушісі Нұржан Жетенов.

Жұмысшылар неге техникалық су ішуге мәжбүр? Әзизаны мазалайтын осы жайт дер кезінде ескерілгенде, отағасы тірі болар ма еді дейді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз