Күй туралы жаңа кітап жарық көрді (ФОТО)

гизат 4 Жаңалықтар

Атырау музыка колледжінде ардагер ұстаз, Қазақстан Республикаксының білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры  Ғизат Әдепқалиұлының «Домбыраға арналған хрестоматия» атты кітабы жарық көрді.

гизат (4)

Оның тұсау кесу рәсіміне Алматыдан арнайы келген Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Карима Сахарбаева, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының меңгерушісі, доцент Сәлімгерей Садықов, ардагер ұстаздың алғашқы шәкірттері, достары және отбасы қатысты.

гизат (5)

Шара шымылдығын ашқан К.Сахарованың айтуынша, домбыраға фортепиано сүйемелімен лайықталған орыс халық әндері, шетел композиторларының күрделі шығармалары кітапта жарық көрген. Ол музыкалық білім беретін оқу орындарының барлық деңгейіне арналған. Оның жарыққа  шығуына  ұстаздың 22 шәкірті көмектескен.

гизат (1)

 Гүлдана Жамбозова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз