Атыраулық сақшылар – ЭКСПО-да

114306 preview image Жаңалықтар

Биыл мамыр айында Атырау облыстық ішкі істер департаменті алаңында «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге атсалысатын бір топ тәртіп сақшыларының дайындығы пысықталған еді. 

114306-preview-image

Елордалық №5 учаскелік полиция пунктіне жұмылдырылған Атырау облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция ротасының полицейі, сержант Айбар Аушимов өзіне бекітілген аумақта қоғамдық тәртіпті сақтауда батылдығымен көзге түсті. Ол ұрлық жасап, бой тасалағаны үшін Астана қаласындағы Алматы ауданының соты іздеу жариялаған күдіктіні құрықтап, жергілікті криминалдық полиция бөліміне жеткізген.

– Оның Елордадағы қазіргі қызметі Астана халықаралық әуежайы аумағында жалғасуда. Бұдан бөлек, мұнайлы мекеннен барған бір топ қызметкер «Нұр-Астана» мешіті, саябақ, «Бәйтерек» және әуежай аумақтарында қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосып келеді. Халықаралық деңгейде маңыздылығы жоғары шараға іріктелген атыраулық 22 полицейдің қызметтік іссапары төрт айға жалғасады, – дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Айгүл Ертілеу

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз