Атыраулық полицейлерге 37 автокөлік табыс етілді (ФОТО)

A3A64D0B B79C 403D 97E0 63E3964EA951 Жаңалықтар

Атырау облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театрында «Қазіргі заман қаһармандары» республикалық акциясы қорытындыланды.

A3A64D0B-B79C-403D-97E0-63E3964EA951

Акция барысында ерлік жасаған 15 полицеймен облыс белсенділері, құрметті азаматтары, ардагерлері, құқық қорғау органдары өкілдері, жастары және ІІД жеке құрамының кездесулері, дөңгелек үстелдері өтіп, қаламен таныстыру, Алматы қалалық ІІД ансамблінің концерттік бағдарламалары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, дәстүр бойынша акция қатысушылары қызмет бабында қаза болған әріптестеріне тағзым етіп, ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. Атыраулықтар төрт күн бойы ішкі істер органдарының батырларын құрметтеді.

8C80BE2C-AE9D-4BEF-B859-3C792218EBF5

Шара кезінде батыр полицейлер және қаза болған қызметкерлердің туыстары полицейлердің ерлігі туралы әңгімеледі. Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың (2011 жылы Тараз қаласында лаңкесті құрықтау кезінде қаза болған) қазіргі кезде Атырау қаласында тұратын қарындасы Құндызай Байтасова кездесудің құрметті қонағы болды.

5544056D-CEB1-4A86-8133-1E4865A9A992

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін Махамбет атындағы қазақ драма театрында Атырау облысы ІІД-не қызметтік автокөліктер табыс етілді. «Рено Дастер» және «Ниссан» маркалы 37 автокөлік Атырау көшелеріндегі тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететін болады.

82166902-104E-4122-952F-5E2559A0DBD5

78BB7012-E7D7-41FC-8AE5-EF065C21F46B

389BD7D2-DEB3-40F5-ACF4-9B76C5034523

Шараны қортындылай келе ҚР ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы А.Әбдіғалиев, акция қонақтарына алғысын жеткізіп, полицейлердің ерліктерін атап өтті. Сондай-ақ ол өз сөзінде «Аталған шара тәуелсіздік жылдарында қиын жолдардан өтіп, елдегі тиісті құқықтық тәртіпті сақтай отырып қалыптасқан Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай өткізіліп отыр»,-деді.

24569B89-0077-407A-94F6-C37192CFEC14

Бұдан өзге, қорытынды шарада А.Әбдіғалиев Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың алғыс хатын табыс етті.

86D21367-EF12-4F24-A746-D1F1941C9F80

Айта кеткен жөн, тәуелсіздік жылдары ішінде қызметтік міндетін өтеу кезінде 772 қызметкер қаза болып, 2 мыңы жарақат алды. 1186 полицей мен әскер мемлекеттік наградамен марапатталды, оның ішінде 127 адам қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған. ҚР ІІМ қатарында «Халық қаһарманы» атағының 2 иегері бар және 200-ге жуық тәртіп сақшысы мен әскери қызметкер «Айбын» орденімен марапатталды, 369 полицей «Ерлігі үшін» медалін иеленген.

C2F5FF66-9900-4217-80BC-4B118EE0516D

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз