Атыраулық еріктілер Ғалымжан Молданазардың əніне бейнебаян түсірді

egXrm5TVHZ8 2 БЕЙНЕЖАЗБА

Қайырымдылық істерімен көпке үлгі болып жүрген «Жүректен жүрекке» қорының еріктілері Ғалымжан Молданазардың «Мейірімді бол» әніне бейнебаян түсірді.

«Ондағы мақсатымыз халықты ізгілікке үндеу. Бейнебаян түсіру үшін әуелі әнші Ғалымжан Молданазардың өзінен рұқсат алдық. Бірде облыстық балалар ауруханасында «Күлкі терапиясы» акциясын ұйымдастырған болатынбыз. Бейнебаян  сюжетіне сол акциядан үзінділер алынды. Және Қарттар үйінен де көріністер келтірілді. Кадрлар Атыраумен бірге, Алматы қаласында да түсірілді. Бізге танымал режиссер Қанат Бейсекеев пен жергілікті видеограф Аман Ерғазиев көп көмектесті» дейді «Жүректен жүрекке» қорының жетекшісі Әйгерім Жәрдемқызы.

Еріктілер «мұндай бейнебаяндар көптеп түсірілсе, халықтың ізгі істерге, қайырымдылыққа деген қызығушылығы артар еді» деп есептейді.

Айта кетелік, Атыраудан бастау алған еріктілер тобы бүгінде үлкен қоғамдық қозғаушы күшке айналды. «Жүректен жүреккенің» өкілдері Қазақстанның әр қаласында жетіп артылады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз