Атыраулық Бекарыс вундеркинд атанды

бекарыс Жаңалықтар

Ақсай ауылынан шыққан 10 жасар атыраулық дойбышы Бекарыс Жұмалиев дойбыдан еліміздің төрт дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Дойбыдан ҚР жастар чемпионаты Қаскелеңде өтті. Бекарыс барлық 9 қарсыласын жеңіп шығып, «Классика» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

бекарыс

«Менің оқушым өзінен екі-үш жас үлкен балалармен ойнады. Осыған қарамастан, Бекарыс біздің бар үмітімізді ақтады», – деді жас чемпионның бапкері Берік Молдаш. Бапкердің айтуынша, спорттық ережеге сәйкес Жұмалиев ҚР спорт шебері атағын алуы тиіс. Бірақ, қазақстандық ереже бойынша, бұл атақ 14 жастан кейін ғана беріледі. «Әзірге бұл мәселе қаралып жатыр», – деп хабарлады Молдаш.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз