Атыраулық ардагерлер ЭКСПО-ға барды

Қамқорлыққа бөленген қариялар Жаңалықтар

Астана төріндегі «ЭКСПО–2017» көрмесіне атыраулық ардагерлер де барып келді. Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкеновтің қолдауымен, бірнеше компанияның демеушілігімен халықаралық көрмені аралап келген қарияларымыздың қуанышында шек жоқ.

Қамқорлыққа бөленген қариялар

Ардагерлердің алғашқы тобын Астанаға апару үшін «КаспийМұнай» АҚ мен «Трансойлтерминал» ЖШС демеушілік қаржы бөлген. Сонымен қатар, «Бек Эйр» әуе компаниясы көрмеге баратын ардагерлерге арзандатылған бағамен ұшақ билеттерін ұсынса, «Комплект Сервис» туристік компаниясы да жеңілдік жасаған.

«Астанаға ардагерлердің алғашқы тобы 25-27 шілде аралығында барып келді. Олардың қатарында бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, қалалық ардагерлер кеңесі тұрақты комиссияларының, ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, ардагерлер қозғалысының белсенділері мен еңбек ардагерлері бар. Қалалық ардагерлер кеңесі  тағы  екі топты көрмеге жіберуге ниеттеніп отыр. Оларға «Теңізшевройл»,  «НКОК» компаниялары демеуші болады» дейді қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Абат Кенжеғалиев.

Мәлике МӘЛІК.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз