Атыраулық 370 тұрғын компьютермен жұмыс жасап үйренді

1 43 Жаңалықтар

Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Баста up» жергілікті бастамаларды қолдау қоры «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламасы аясында компьютерлік сауаттылықты дамыту үшін «Smart EL» жобасын қолға алған еді.

C

Жобаның басты мақсаты – халықтың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Көп ретте осы секілді жобалардан аудан тұрғындары шет қалып қоятындықтан, бұл жолы аудандар басты назарда болды.

Әр ауданнан құрамында жұмыссыз жастар, мұғалімдер, дәрігерлер, қарапайым тұрғындар мен зейнеткерлер бар 15 адамнан құралған топтар арнайы курстан өтсе, Атырау қаласында «Атырау-Ақпарат» серіктестігімен бірлесіп, 3 топ білім алды. Сонымен қатар, бірнеше мектеп және С.Мұқашев атындағы политехникалық және Атырау аграрлық техникалық колледждерінде мұғалімдер мен тұрғындар курсты толық аяқтап шықты.

«Жалпы бұл жобада 361 адам білім алды. Халық тарапынан курсқа деген сұраныс жоғары. Егер жоба келесі жылы да қолдау табатын болса, жалғастырамыз деген ойдамыз»,-дейді «Баста Up» жергілікті бастамаларды қолдау» қоғамдық қорының басшысы Нұрлыгүл Рамазанова.

Наурызбек Құспан, жоба тренері: Өз біліміммен бөліскен маған өте ұнайды. Ата-әжелердің оқуға деген ықыласын көргенде тіпті, көңіл-күйім көтеріліп қалды. Компьютерлік сауаттылықты арттырудағы маңызды деген бағдарламаның барлығын үйреттік. Жоба өз міндетін толықтай орындады деп есептеймін.

Гүлжан Әмірова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз