Атыраудың Махамбет ауданында 300 адам «жүгірді» (ФОТО)

DSC 0551 Жаңалықтар

Махамбет ауданында «Денсаулық фестивалі-2017» «Makhambet-Maraphon» аясында жүгіру марафоны өтті.

DSC_0551

Бұл шараға ауыл тұрғындары, мекемелер қызметкерлері, ардагерлер және Е.Ағелеуов, О.Шонаев, Д.Төленов, Қ.Қалыбеков орта мектебінің қызметкерлері мен жоғары сынып оқушыларын қосақанда барлығы 300 ге жуық адам қатысты.

DSC_0592

Орталық алаңда шараның ашылу салтанаты ұйымдастырылып, аудан әкімінің міндетін атқарушы Ұлықбек Тналиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шараның негізгі мақсаты тұрғындарға салауатты өмір салты мен адам денсаулығының маңыздылығын насихаттау болатын.

DSC_0616

Шара барысында каратэ-додан (кекушинкайдан) жаттықтырушы А.Айшуақованың (Е.Ағелеуо орта мектебі) шәкірттері көрсетілім көрсетті.

DSC_0695

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ұ.Тналиев спорт күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Мемлекеттік қызметшілер», «Ақ-бидай» ауыл спорты ойындарының спартакиадаларына қатынасып, нәтижелі жетістіктерге жеткен спортшыларды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

DSC_0750

Ал бүгінгі марафонға белсенді қатысқан тұрғындарды Махамбет аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Бақтылы Молдашева мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ержігіт Андашев марапаттап, алғыс хаттарды табыстады.

Диас НАУРЫЗАЛИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз