Атыраудың Исатай ауданы макаронмен тегін қамтылмақ

2017 09 13 16 57 34 3 Жаңалықтар

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы мемлекеттен қайтарымсыз грант иеленген ауыл кәсіпкері Зайыпхан Наурызбаева Исатай ауданынан алғаш макарон цехын ашты.

2017-09-13_16-57-34

Он жылдан бері сауда саласында жасап келген оған бір күні «сатып жүрген өнімді өзім өндірсем қайтеді?» деген ой келеді. Сөйтіп, жеке кәсіп ашуға бел буады. Осылайша, жаңа инновациялық жоба ойлап табады. Нәтижесінде, игі бастамаға мемлекет қолдау білдіріп, 1 миллион 700 мың теңге грант ұсынды.

– Бұл ақшаға жұбайым екеуіміз Пенза қаласынан макарон цехына қажетті құрылғыларды сатып алдық. Арнайы Ресейге барып, технологиялық үрдіспен жақынырақ таныстық. Кезінде Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында білім алған жұбайым үшін бұл таңсық іс емес. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры цехтың құрылысына қосымша несиеге қаржы берді. Уақытша пайдалана тұруға жер де алдық. Қазіргі таңда мұнда макарон өнімінің екі түрі дайындалады. Алдағы уақытта кәсібімізді кеңейту жоспарда бар, – дейді кәсіпкер.

Нысанның өндірістік қуатына келер болсақ, сағатына 80 келі өнім шығаруға мүмкіндігі бар. Дайын өнімнің полиэтилендік қаптамалары ақтөбелік «ПолиВест» кәсіпорнынан сатып алынады екен. Әзірге бұл кәсіпкердің отбасылық бизнесі. Болашақта тапсырыс көбейген жағдайда, жергілікті тұрғындарды да жұмысқа тартуды ойластырып отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз