Атыраудың Ақжар-2 ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы кестеден кешікті

gimaraty zhanarsa.. Жаңалықтар

Өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Ақсай ауылдық округінің әкімі Серікбай Қазиев 5 көшеге  жол төселіп, Ақжар-2 ауылында дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені бой көтергенін атап өтті.

Амбулатория ғимараты жаңарса..

Десек те, тұрғындарды мазалайтын мәселелер жоқ емес. Мәселен, ауыл тұрғыны Есенжан Оспанов Ақсай ауылына балабақша мен жастарға арналған спорт залдың қажеттігін айтты. Ал, мұнайшы Расымхан Матенов тұрғындардың атынан қазіргі Бейбітшілік көшесіне мұнай саласының ардагері Биғалиевтің есімін беруді сұрады. Сондай-ақ, науқас жандарға қолайсыздық тудыратындықтан дәрігерлік амбулаторияға жаңа ғимараттың қажеттігін алға тартса, ардагер Саясат Рахметов «округ тұрғындарына арналып мал сою цехы мен заманауи базар салынса» деген өтінішін білдірді.

Жиында Ақжар-2 ауылындағы өткен жылдың қазан айында пайдалануға берілуі тиіс мәдениет үйінің құрылысы аяқталмай қалғанын айтқан округ әкімі оның себебін де түсіндірді. «НКОК» компаниясының демеушілігімен 2016 жылы басталған 200 орындық типтік үлгідегі нысанның бірінші қабатының төбе жабындысы жабылған. Екінші қатарының жұмыстары жартылай жасалған. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2017 жылдың қазан айы деп белгіленгенмен мердігер мекеме «КаспийИнж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баяу жұмыс жасауына байланысты құрылыс мерзімінде аяқталған жоқ»,-деді округ әкімі Серікбай Қазиев.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз