Атыраудан 103 мың АҚШ долларын әкетпек болған

9b9ad7e6f3075bd8021686f76f2 Жаңалықтар

Атырауда қазақстандық заңсыз жолмен Түркияға 103 мың АҚШ долларын әкетпек болған. Бұл туралы редакциямызға Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі хабарлады.

9b9ad7e6f3075bd8021686f76f2

– Заңсыз ақша алып өту оқиғасы осы жылдың 9-ші маусым күні сағат 16:10-да №484 «Атырау – Анталия» халықаралық рейсін рәсімдеу кезінде анықталды. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі, «Атырау әуежайы» кеден бекеті және Шекара қызметінің Өткізу пункітіндегі режимді бақылау қызметкерлерінің бірлескен іс-қимыл нәтижесінде 27 жастағы қазақстандық ұсталды. Ол Қазақстан Республикасынан кедендік қатынастың декларациясынсыз заңсыз негізде 103 300 АҚШ доллары және 162 000 сомасын ақшалай түрде алып өтуге әрекет еткен. Бұл оқиға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234 бабы 2 бөлігі 4 пунктіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тіркелді, – деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу-тексеру барысында контрабандашы толығымен өз кінәсін мойындап, кінәсін мойындау түрінде тергеушілермен процессуалды келісімді бекіту туралы жазбаша өтініш жазған.

– Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 615 бабы 2 бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу материалдары Атырау облысының транспорттық прокуратурасына жіберілді. Атырау қаласының №2 сотының үкіміне сйкес, 22.08.2017 жылдан бастап азамат А.А. қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 234 бабы 2 бөлігі 4 пунктіне сәйкес кінәлі деп табылып, оған 500 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Ол енді дүние-мүлкінің тәркілеуінсіз 1 134 500 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады, – деп атап өтті Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз