Атырауда өзін өртеп жіберген жігіттің жай-күйі қалай?

e1516971478304 Жаңалықтар

Атырауда дәрігерлер әкесімен болған жанжалдан соң өзін өртеп жіберген ер азаматтың жағдайы туралы айтып берді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өртеу

 

«32 жастағы ер азамат облыстық аурухананың жансақтау бөліміне 20 қаңтар күні түсті. Оның денесінің 65 пайызын күйік шалған. Оның басы, құлақтары, беті мен екі қолы және денесі екі жағынан күйген. Қазіргі таңда ол есін жиып, оған барлық қажетті көмектер көрсетілуде. Алайда оның жағдайы әлі де болса ауыр»,-деді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Сайын Шомиров.

Айта кетейік, оқиға қала маңындағы Геолог ауылында болды. Ер азамат үйлену тойынан соң үйіне келіп, әкесімен жанжалдасып қалған. Әкесі жанжал ушыға түскен соң полицияға хабар беретінін айтқан. Осы кезде ұлы аулаға шығып, өзіне бензин құйып, өртеп жіберген.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз