Атырауда жаңа мұнай кеніші табылды

cheap oil thumbs up by liam mogan compressor Жаңалықтар

Энергетика министрлігі Жылыой ауданындағы «Аңсаған» кен орнының тұзасты қабатында жеңіл мұнай мен ілеспе газ көзі табылғанын хабарлады.

cheap-oil-thumbs-up-by-liam-mogan-compressor

Таратылған ақпаратқа қарағанда, кеніштің қайтарымы жоғары бағаланады. Сондықтан, алдағы уақытқа жоспарланған геологиялық іздестіру шаралары болжамды көмірсутегі қорын нақты дәлелдеуге бағытталады. Әйтсе де, бастапқы нәтиженің өзі жаңа алаңнан үлкен үміт күтуге мүмкіндік береді. Мұндағы «қара алтын» қоры табылған кен қабаты Теңіз кенішінен де тереңірек орналасқан.

Жалпы, аталмыш алаңда бұрғылау жұмыстарын жүргізуге «Алмэкс Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2014 жылдың 24 ақпанында келісім жасалған болатын.  Келешекте сейсмикалық зерттеулер мұнай барын көрсетіп отырған Мақсат, Терең Прорва кеніштерінде кең көлемде іздестіру-барлау шаралары жүзеге асырылады. Демек, кәрі Ембінің екінші тынысы ашылады.

Меңдібай Сүмесінов

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз