Аққыстаудағы тұңғыш мұнай өндіруші шетелдік компанияға 20 жыл (ФОТО)

ANU 0110 Жаңалықтар

Бүгін Исатай ауданында мұнай өндіруші тұңғыш шетелдік компания –«Сазанқұрақ» ЖШС құрылғанына 20 жыл толу мерекесін атап өтті.

ANU_0110

Шара аудан орталығы – Аққыстауда «Сазанқұрақ» аллеясының ашылуымен бастау алды. Аллеяның жалпы құрылысына кәсіпорын 10 млн. теңге қаржы жұмсаған.

ANU_0117

Салтанатты шарада аудан әкімі Марат Мұрзиев, аталмыш кәсіпорынның бас директорының орынбасары Әлібек Семғалиев, еңбек ардагері Жұмажан Қадимов сөз алып, жиналған қауымды мерейтоймен құттықтады. Аққыстаулықтар ауылды көркейтіп, абаттандыруға үлес қосқан мұнайшыларға ризашылықтарын білдірді. Өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты.

ANU_0199

Бір ерекшелігі – кәсіпорында еңбек ететін жұмысшы-қызметкерлердің 60 пайызын жергілікті тұрғындар құрайды.

ANU_0752

Мұнан соң келген қонақтар мен компания өкілдері «Сазанқұрақ» кен орнында өткен мәдени-көпшілік шараға куә болды. Жиырма жылдық тарихы мен қалыптасқан дәстүрі бар кәсіпорынның өткен жолы өзге әріптестеріне үлгі боларлықтай. Осы жылдар ішінде облыстың әлеуметтік саласының дамуына, қоршаған ортаны қорғау мен техника қауіпсіздіігін қамтамасыз етуде, бизнестің әәлеуметтік жауапкершіілігін сезінуде елеулі үлес қосты. Жиында еңбек ардагерлері ұлықталды, өндіріс озаттары мадақталды. Құттықтау лебіздерін білдіргендер қатарында болған Қақақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтыгүл Хаменова, ФИОК компаниясы президентінің кеңесшісі Лю Сю, аудан және қазыналы өңірде «қара алтын» өндіруші басқа да шетелдік компания басшылары,  ардагер мұнайшылар кәсіпорын ұжымына толымды табыстар мен биік белестерге жетуіне тілектестіктерін білдірді.

ANU_0760

ANU_0344

Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз