Атыраудағы күрдтер қауымдастығы қайырымдылық шарасын өткізді (ФОТО)

14 Жаңалықтар

«Барбанг» күрдтер қауымдастығының жергілікті филиалы Атырау қаласындағы «Continental Gold» мейрамханасында аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар және ардагерлерге арнап қайырымдылық дастарханын ұйымдастырды.

14

Аталған қауымдастық өңірде бұған дейін де бірнеше ізгілікті шаралардың ұйытқысы болды. Мәселен, өткен қыркүйек айында Авангард мөлтек ауданының демалыс саябағында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жаттығу құрылғыларын орнатқан болатын. Аталған іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі сегіз мүгедек жанға сыйлықтар тапсырды. Сондай-ақ, Атырау қаласының тұрғыны Руслан Досалиннің аяқ протезіне, әуе көлігімен барып-келу және Алматы қаласында орналасу шығынына демеушілік көмек көрсеткен еді.

1

Жыл басынан бері үш миллион теңгеден астам қаржыны қайырымдылыққа арнаған «Барбанг» күрдтер қауымдастығы Атырау облыстық филиалының төрағасы Али Сейдов бұл жолы 120 адамға арнап ас берді. «Қоғамды ізгілендіруді әр адам алдымен өзінен бастап, жанындағыларға мейірімді, қамқор болуы керек»,-дейді А.Сейдов

8

4

Мәлике МӘЛІК

Фото облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің Facebook-тегі парақшасынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз